Емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері №94 «Сұңқар» балабақшасында «Зиянды әдеттердің алдын алу – дені сау балалық шақтың негізі» тақырыбында және қол жуу ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салты туралы түсініктерін қалыптастыру және жеке бас гигиенасы дағдыларын дамыту.
Кездесу барысында дәрігер зиянды әдеттердің адам денсаулығына тигізетін кері әсері туралы қарапайым әрі түсінікті тілде айтып, олардың алдын алудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар балаларға қолды дұрыс және уақытылы жуудың жұқпалы аурулардың алдын алудағы маңызы түсіндіріліп, қол жуу ережелері тәжірибелік түрде көрсетілді.




