Туберкулез — әлеуметтік маңызды ауру

Емханамызда студенттерге арналған «Туберкулез – әлеуметтік маңызды ауру» тақырыбында ақпараттық-танымдық дәріс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың туберкулез туралы ақпараттану деңгейін арттыру, аурудың алдын алу шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Дәріс барысында фтизиатр дәрігер туберкулездің жұғу жолдары, негізгі белгілері, қауіп факторлары, алдын алу шаралары, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтудің маңыздылығы, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың аурудың алдын алудағы рөлі туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, туберкулездің ерте анықталуы тиімді емнің негізгі кепілі екені айтылып, алғашқы белгілер байқалған жағдайда уақыт оздырмай дәрігерге қаралу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, фтизиатр дәрігерден толыққанды жауап алды.