Салауатты жұмыс орны

Емханамызда «Салауатты жұмыс орны» акциясы аясында №2 кеңестік бөлімнің, консультативтік-диагностикалық бөлімнің және зертхана бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен сергіту жаттығуы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, физикалық белсенділікті арттыру, жұмыс барысында туындайтын шаршаудың алдын алу және ұжымда жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру.

Сергіту жаттығулары барысында қатысушылар бұлшықеттерді босаңсытуға, қан айналымын жақсартуға және жұмысқа қабілеттілікті арттыруға бағытталған қарапайым дене жаттығуларын орындады.