Қазақстан Республикасы Кодексінің «Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы туралы» 58 бабына сәйкес емханада Емделушілерді қолдау қызметі және ішкі бақылау ұйымдастырылған.
Егер сіз медициналық көмек көрсету сапасы мен тәртібіне байланысты проблемаларға кез болсаңыз, Емделушілерді қолдау қызметі көмегіне жүгініңіз.
Қызмет сараптамашылары жедел түрде сіздің шағымыңызға назар аударып, проблемалық сұрақтарыңызға амбулаторлық-емханалық көмек көрсету Ережесіне сәйкес көп кешіктірмей жауап беруі мүмкін. Емделушілерді қолдау қызметі үшінші қабаттағы №308 кабинетте орналасқан.Емделушілерді қолдау қызметі: 8 (7172)37-52-89, сенім телефоны: 8 (7172) 37-55- 08
Сонымен бірге, сіз кез-келген сұрақтар бойынша емхананың екінші қабатында орналасқан тіркеу орнындағы Сall-орталыққа «Шағымдар мен ұсыныстар үшін» жәшігіне шағымдар мен ұсыныстарыңызды жазбаша түрде қалдыруыңызға және біздің:www.emhana8.kz сайтына, қызметті жақсарту үшін ұсыныстарыңызбен сауалнаманы толтырып «Бас дәрігер блогі» айдарына жолдауыңызға болады.
Біздің емхананың медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмек көрсетудегі, Сіздердің жылы лебіздеріңізге, түсіндірмелеріңізге алғысымызды білдіреміз.
Емделушілерді қолдау қызметі және ішкі бақылау құрамы
- ҚҚІБ жетекшісі – Л.Т. Қуанбаева
- Сараптамашы дәрігерлер: К.А Клименко, Г.Е. Накупова, Адамкалиева А.А.
- СӨС маманы: Исина З.А
- Әлеуметтік қызметкер Д.Т. Көбегенов, Ұ.С. Мырзакулов
- Психолог Исина З.А
Қолдау қызметінің функциялары
Емделушілерді қолдау қызметінің функцияларына (ішкі бақылау қызметі) медициналық көмек көрсетудегі тәртіп бұзушылық фактілерін анықтау кіреді.