«№8 қалалық емхана» МКҚК 2007 жылы желтоқсан айында Астананың бұрынғы бөлігі «Алматы» ауданы ересек тұрғындар мен балаларға кепілді көлем аясында алғашқы медикосанитарлық және мамандандырылған медициналық көмек беру үшін құрылған. ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК-жаңашыл диагностикалық аппаратуралармен жабдықталған және жоғары білікті дәрігерлермен қамтылған медициналық ұйым. Медициналық көмекті үш отбасылық денсаулық орталық, хирургтар, гинекологтар және урологтар, ЛОР дәрігерлер көрсетеді. Емханада хирургиялық, урологиялық, гинекологиялық, отоларингологиялық және травматологиялық, күндізгі стационар, клиникалық- диагностикалық бөлім кәсіп бойынша операциялық араласулар жүргізетін амбулаторлық хирургия орталығы жұмыс істейді.
2010 жылы қазан айында №8 қалалық емханада қалалық амбулаторлық офтальмологиялық орталық ашылған, онда суқараңғылықты диагностикалау үшін барлық жаңашыл аппаратуралармен жабдықталған.
Орталық ТМККК аясында жоғары технологиялы диагностикалық көмек көрсетеді.
Құрметпен №8 қалалық емхана администрациясы
Біздің құндылықтар
Жоғары мәнділік-біздің емделушілердің денсаулық деңгейін жақсарту және сақтауда жеке әдістемелерді қалыптастырумен медициналық көмек көрсетудің сенімділік үрдістерін енгізу, талап-тілектерін қанағаттандыру.
Әлемдік және өзіндік соңғы ғылыми жетістіктерге бағытталған емделушілердің денсаулығын ұзақ бақылаудың кешенді бағдарламасын құрастыру және жүзеге асыруда көшбасшылыққа талпыну.
Емхананың менеджмент жүйесін үздіксіз жетілдіруге бағытталған жетекшінің көшбасшылығы мен жауапкершілігі.
Емхана қызметінің жоғары нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды енгізу.
Әр қызметкердің кәсіби өсуі мен жеке тұлғалық потенциалдық ашылуына мүмкіндік тудыруға себепші пікірлес команданы қалыптастыру.
Тапсырмалар
Халыққа АМСЖ көмегін көрсету, материалдық-техникалық база бойынша мекеменің жұмысын жетілдіру.
Медициналық көмек сапасын арттыру, дәрігерлер мен мейірбикелердің біліктілік дәрежесін көтеру.
Балалардың, фертилдік жастағы әйелдердің денсаулық индексін көтеру, алдын-алу тексерулері жоспарының сапалы орындалуы, жүргізілуі.
әлеуметтік мәні бар ауруларды төмендету мен тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізу.
Ересек тұрғындардың ерте мерзімде қайтыс болуын, сәбилік өлімді төмендету, бала мен ана өлімін болдырмау.
Алғашқы мүгедектікке шығу дәрежесін төмендету.
2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы бойынша бір тапсырманың орындалуы ретінде салауатты өмір салтын насихаттау.
Қызмет түрлері
Қызмет көрсету ауданы бойынша халыққа үйде және кәсіпорында білікті көмек көрсету.
Экстрагениталдық дерті барларға, фертилдік жастағы әйелдерге, онкологиялық сырқаттарға, жоғары жүрек-қан тамыры қауіп-қатерлі топтағы сырқаттарға және басқа да аурулар бойынша тұрғындарды диспансеризациялауды жүзеге асыру мен ұйымдастыру.
Төтенше жағдайлар мен жіті аурулар кезінде алғашқы және жедел медициналық көмек көрсету.
Арнаулы және жоғары мамандандырылған көмек алу, профилдік сырқатына сәйкесті қосымша зертханалық-диагностикалық қызмет, шипажайларда емделуге жолдама алу үшін өз уақытында АМСЖ мамандарының гогспитализациялауы.
Барлық алдын-алу медициналық көмек түрлері.
Індетке қарсы іс-шаралар: жұқпалы ауруларды анықтау, індет ошақтарына бақылау жасау, иммуннопрофилактика, санитарлық-сауаттандыру жұмыстары.
Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздығы сараптамасы, еңбек жағдайын өзгертуді қажет ететін тұлғаларды тиімді еңбекке орналастыру шаралары.
Қызметі
АМСЖ көмегін көрсетуші емхана қызметі аумақтық принцип бойынша азаматтарға тұрғылықты мекен-жайлары мен бекітілулері арқылы медициналық ұйымды еркін таңдауларын ыңғайластыра құрылған.
Мақсаты
Алғашқы медико-санитарлық көмек, алдын-алу, диагностикалық және емдеу қызметін қоса тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
Миссия
Тұрғындарды аурудың алдын алуға дағдыландыру, барлық жас кезінде ауруға шалдығу деңгейін төмендету арқылы өз денсаулықтарына жауапкершіліктін арттыру.