Жастар арасындағы инсульт: негізгі қауіп факторлары мен белгілері

2026 жылғы 30 қазанда №8 қалалық емханада студенттерге «Жастар арасындағы инсульт: негізгі қауіп факторлары мен белгілері» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың инсульт туралы хабардарлығын арттыру, аурудың алдын алу жолдарын түсіндіру және инсульттің алғашқы белгілерін дер кезінде тануға үйрету.

Дәріс барысында инсульттің пайда болуына әсер ететін негізгі қауіп факторлары, соның ішінде артериялық гипертония, темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, қимыл-қозғалыстың аздығы, артық салмақ, күйзеліс және басқа да факторлар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар инсульттің негізгі белгілеріне ерекше назар аударылды: беттің бір жағының қисайуы, қол-аяқтың кенеттен әлсіреуі немесе ұюы, сөйлеудің бұзылуы, көру қабілетінің кенет нашарлауы және қатты бас ауруы.

Студенттерге инсульт белгілері байқалған жағдайда уақыт жоғалтпай, дереу 103 нөміріне жедел жәрдем шақыру қажеттігі түсіндірілді.