Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күніне орай №8 қалалық емханада келушілерге арналған денсаулық мектебі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында кардиолог дәрігер инсульттің негізгі белгілері, оның пайда болу себептері мен қауіп факторлары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар инсульттің алдын алу жолдары, қан қысымын тұрақты бақылау, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесудің басты мақсаты – халықтың инсульт туралы хабардарлығын арттыру, аурудың алдын алу мәдениетін қалыптастыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру.



