№8 қалалық емхана жанындағы «Сенім» жастар денсаулық орталығына Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының оқушылары танысу мақсатында келді.
Кездесу барысында оқушылар орталықтың қызметімен танысып, жастарға көрсетілетін медициналық және психологиялық көмектің бағыттары туралы толық ақпарат алды.
Іс-шара аясында ЖДО психологы «Қарым-қатынас дағдыларын дамыту» тақырыбында тренинг өткізіп, оқушылармен интерактивті жұмыс жүргізді. Тренинг барысында қатысушылар тиімді коммуникация құру, өз ойын еркін жеткізу және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту бойынша тәжірибелік тапсырмалар орындады.




