Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған шеберлік сағаты

Емханамызда С.Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО Басқарма төрағасының кеңесшісінің қатысуымен салауатты өмір салты қағидаларын ілгерілету мәселелеріне арналған шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында маман қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, зиянды әдеттердің алдын алу және психологиялық әл-ауқатты нығайту бағытында тиімді тәсілдер ұсынылды.