«Сенім» жастар денсаулық орталығында колледж студенттеріне арналған Ашық есік күні өтті

Емхана жанындағы «Сенім» жастар денсаулық орталығында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай колледж студенттеріне арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және профилактикалық медициналық қызметтер туралы ақпарат беру.

Ашық есік күні барысында студенттерге орталықтың қызметі таныстырылып, денсаулық көрсеткіштері бағаланды, сондай-ақ экспресс-тесттер жасалды. Сонымен қатар репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу және дұрыс өмір салтын қалыптастыру бойынша қосымша түсіндіру жұмыстары да қамтылды.

Сонымен қатар қатысушылар үшін психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында стресс басқару, психоэмоционалдық тұрақтылықты арттыру және жеке ресурстарды дамыту тақырыптары қарастырылды.

Студенттер тренингке белсене қатысып, өз денсаулығын сақтау және күнделікті өмірде пайдалы дағдыларды қалыптастыру бойынша маңызды ақпарат алды.