Архив за месяц: May 2021

Бүкіл әлемде 1 — ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады

Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.

Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.

Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.

Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі — балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.

БҰҰ-ның жүргізген сауалнамасына жүгінсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен.

Әлемде өмірі қатерге толы балалар да баршылық. Аш-жалаңаштық, соғыс өрті, терактілер балалар ғана емес, үлкендердің де психикасына кері әсерін тигізеді. Бұл- қорғансыз балалардың басына түскен үлкен ауыртпалық екендігі шындық.

Жасөспірімдер арасында нашақорлар саны өсуде, олардың жартысынан астамы ішімдік ішуден де кет әрі емес.

Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

«Бұл әлемді біз балаларға сыйлаймыз!

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Бұл әлемді біз балаларға сыйлаймыз! » ұранымен іс-шаралар өткізіледі».

Ашық есік күні: № 343 кабинетте педиатрдың қабылдауы, № 344 балалар психологы қабылдауы, сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін.

Мерекелік іс-шара № 8 қалалық емхана аумағында 1 маусым 2021ж. өткізу уақыты: сағат 11.00-де.

1. «Әкем, анам және мен тату отбасы» спартакиадасын өткізу, ойындар, жарыстар.

2. Асфальттағы суреттер » Әр суретте күн»,

3. Қызметкерлердің балалары арасында 25 мамыр мен 31 мамыр аралығында сурет байқауы жарияланды, 1 маусымда «Әлем балалар көзімен».

4.«Мен сәби күтудемін» фотобайқау.

Ораза айт мейрамы

Бүгін жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі — Ораза айт мейрамы. Бұл күні Алланың разылығы үшін бір ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын Оразаның шарттарын орындаған жандар ауыздарын ашады. Мұсылмандар Оразамен қимай қоштасып, Алла Тағалаға қасиетті Рамазан айына амандықта-саулықта жеткізгеніне шексіз алғыс айтып, келесі Рамазан айына да есендікте жетулерін тілеп, мінәжат етеді. Тарихи мәліметтерге сүйенсек, Ораза айт 624 жылдан бері аталып келеді.

Ораза айт мерекесінің бірінші күні 8 қалалық емхананың әлеуметтік қызметкерлері Құрметті ата-әжелерімізді осы жарқын мерекемен құттықтап, оларға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік жиынтығын тапсырды. Ең бастысы, қарт адамдарға мейірімділік пен көңіл бөлу керек, әлеуметтік қызметкерлер ата-әжелерімен әңгімелесуді қуана өткізді. №8 емханаға 102 жастағы Рамила Заманбекова әжеміз тіркелген, әжемізге мықты денсаулық тілейміз!

Халықаралық мейірбике күні

Жыл сайын 12 мамыр күні Халықаралық мейірбикелер күні аталып өтіледі. Басқа сөзбен айтқанда, құттықтаумен алғыс айтудың кезегі келіп тұр. Өйткені, бұл ең маңызды мамандар мерекесі. Мейірбике мамандығы бұл орта білімді медицина қызметкері, сонымен бірге дәрігердің нұсқауын орындап, науқасқа көмектесуші, әрі дәрігердің көмекшісі, науқаспен тікелей байланыста жұмыс жасап, ем жүргізуші жан. Денсаулық сақтау саласында қазіргі уақытта мейірбикелер ісі басым болып келеді. Кәсіптік мейірбикелер мерекесі күні ағылшын мейірбикесі Флоренс Найтингейлмен өте тығыз байланысты. Қырым соғыс кезінде (1853-1856ж) алғашқы болып мейірімді мейірбикелер ұйымын ұйымдастырды.