Ораза айт мейрамы

Бүгін жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі — Ораза айт мейрамы. Бұл күні Алланың разылығы үшін бір ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын Оразаның шарттарын орындаған жандар ауыздарын ашады. Мұсылмандар Оразамен қимай қоштасып, Алла Тағалаға қасиетті Рамазан айына амандықта-саулықта жеткізгеніне шексіз алғыс айтып, келесі Рамазан айына да есендікте жетулерін тілеп, мінәжат етеді. Тарихи мәліметтерге сүйенсек, Ораза айт 624 жылдан бері аталып келеді.

Ораза айт мерекесінің бірінші күні 8 қалалық емхананың әлеуметтік қызметкерлері Құрметті ата-әжелерімізді осы жарқын мерекемен құттықтап, оларға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік жиынтығын тапсырды. Ең бастысы, қарт адамдарға мейірімділік пен көңіл бөлу керек, әлеуметтік қызметкерлер ата-әжелерімен әңгімелесуді қуана өткізді. №8 емханаға 102 жастағы Рамила Заманбекова әжеміз тіркелген, әжемізге мықты денсаулық тілейміз!