Архив за месяц: September 2020

Күзгі-қысқы маусымға дайындалудамыз.

№8 қалалық емханада «COVID 19-ға дайындық мәселелері туралы» семинар өткізілді, сонымен қатар, 2020 жылдың 15 қыркүйегінен бастап күн сайын «COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын-алу» тақырыбында медицина қызметкерлерін аттестаттау басталды. Тестілеу 35 сұрақтан тұрады, оған COVID-19 алдын-алу және емдеу, эпидемияға қарсы шаралар, қол гигиенасы, медициналық қалдықтарды дұрыс залалсыздандыру сияқты түрлі тақырыптар кіреді.

№8 қалалық емханада республикалық «Отбасы-бақыт мекені» апталығы бойынша акциялар өтеді

Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеу аясында, №8 қалалық емханада республикалық «Отбасы-бақыт мекені» апталығы бойынша акциялар, кездесулер, қайырымдылық іс-шаралары 2020 жылдың 14-21 қыркүйегі аралығында өтеді.

№8 қалалық емхананың әлеуметтік қызметкерлері, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды құттықтап, азық-түлік пакеттерін сыйлады. Барлығыңызға мықты денсаулық және әр отбасына амандық тілейміз!

Сонымен қатар, емхананың әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері келесі негізгі идеологияларды тарату бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді: отбасы — бұл өмір сүруге тұрарлық нәрсе; берік отбасы — бұл табысты адамның сенімді тірегі; әр отбасы мемлекеттің қорғауында болады; ата-анаға қамқорлық — әркімнің қасиетті борышы; отбасын сақтау және нығайту үшін жасалған күш ешқашан зая кетпейді; сыйластық — берік отбасының негізі; балаларыңыз үшін жауапкершілік — өзіңізге деген жауапкершілік; отбасылық дәстүрлерді сақтау және жастарға жеткізу — аға ұрпақтың қасиетті борышы.