Бұл акцияның мақсаты базарға келушілерді ақпараттандыру және флюро тексеру болды. Акция аясында флюкар машинасы ұсынылды.
Сонымен қатар, алдын алу бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұлттық бағдарламаның негізгі міндеті «ӨЗІҢДІ ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ҚОРҒА!»халықты туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы, туберкулездің алғашқы белгілері туралы, туберкулезді жұқтырудың қауіптілігі мен ауыр зардаптары туралы хабардар ету, денсаулық үшін ортақ жауапкершілікті тәрбиелеу; мінез-құлықтың, СӨС жүргізудің дұрыс дағдыларын қалыптастыру , профилактикалық тексерулерден міндетті түрде өту қажеттілігі туралы хабардар ету болып табылады.