«Тіс саулығы» апталығы аясындағы танымдық шара

«Тіс саулығы» апталығы аясында №94 «Сұңқар» балабақшасында тәрбиеленушілерге арналған танымдық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараның басты мақсаты – балаларға ауыз қуысы гигиенасының маңыздылығын түсіндіру және дұрыс күтім жасау дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шара барысында балаларға тісті дұрыс тазалау техникасы көрсетіліп, ауыз қуысының күтімі туралы бейнероликтер ұсынылды. Қатысушылар қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңестер алды. Шара соңында балаларға арнайы сыйлықтар табысталды.