Ұлттық ойындар – ұрпақ мұрасы

Наурыз мейрамын атап өту аясында емханамызда бөлімшелер арасында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды. Аталған іс-шара төрт күнге жоспарланған және ұжым арасында ұлттық құндылықтарды насихаттауға, қызметкерлердің ұйымшылдығын арттыруға бағытталған.

Қазақ халқының ежелден келе жатқан зияткерлік ойындарының бірі – Тоғызқұмалақ. Бұл ойын халық арасында «қазақтың шахматы» ретінде кеңінен танымал. Тоғызқұмалақ ойыншылардан терең логикалық ойлау, алдағы жүрістерді алдын ала жоспарлау және жоғары деңгейдегі зейін мен төзімділікті талап етеді. Ойын арнайы тақтада ойналып, негізгі мақсат – қарсыластан көбірек құмалақ жинау.

16 наурыз күні ұлттық ойындар сайысының алғашқы күні өтіп, бөлімшелер арасында тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Қатысушылар ойын барысында өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлығын және шеберлігін көрсетті. Жарыс тартысты әрі қызықты өтті.