Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ-де емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері туберкулездің алдын алу және дұрыс тамақтану тақырыптарында дәріс өткізді.
Іс-шара барысында маман туберкулездің жұғу жолдары, оның алдын алу шаралары және ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ қатысушыларға жеке гигиена ережелері мен иммунитетті нығайту жолдары түсіндірілді.
Дәрістің екінші бөлімінде дұрыс тамақтану мәдениетіне ерекше назар аударылды. Мамандар теңгерімді тамақтанудың маңыздылығын, витаминдер мен минералдарға бай тағамдарды тұтынуды және зиянды тағамдық әдеттерді шектеу қажеттігін атап өтті.




