2026 жылғы 2 қарашада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында егде жастағы адамдарға «Инсульт: ерте анықтау және уақтылы көмек көрсету» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – егде жастағы адамдардың инсульт туралы хабардарлығын арттыру, аурудың алғашқы белгілерін дер кезінде тануға үйрету және шұғыл медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығын түсіндіру.
Дәріс барысында қатысушыларға инсульттің негізгі қауіп факторлары, оның ішінде артериялық қан қысымының жоғарылауы, жүрек-қантамыр жүйесі аурулары, қант диабеті, артық салмақ және салауатты өмір салтын ұстанбау салдары туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар инсульттің алғашқы белгілерін анықтауға арналған FAST алгоритмі түсіндірілді:
- F (Face) – Бет: беттің бір жағының қисайуы;
- A (Arms) – Қол: бір қолдың әлсіреуі немесе көтере алмауы;
- S (Speech) – Сөйлеу: сөйлеудің бұзылуы немесе сөздерді анық айта алмау;
- T (Time) – Уақыт: уақыт жоғалтпай, дереу 103 нөміріне қоңырау шалу.
Қатысушыларға инсультке күдік туындаған жағдайда науқастың жағдайын өздігінен емдеуге тырыспай, жедел медициналық көмек шақыру, белгілердің басталған уақытын есте сақтау және дәрігерлер келгенге дейін науқасты қауіпсіз жағдайда ұстау қажеттігі түсіндірілді.




