22 қазанда сүт безі обыры мен жатыр мойны обыры туралы халықтың хабардарлығын арттыру айлығы және Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні аясында емханамызда Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара барысында тұрғындар маммолог, акушер-гинеколог және психолог мамандарынан кеңес алып, аурулардың алдын алу, ерте диагностикалау және психикалық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша пайдалы ақпарат алды.
Есіңізде болсын: аурудың алдын алу — денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы!
Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіңіз!



