29 ҚАЗАН – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИНСУЛЬТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

Жыл сайын 29 қазанда Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні атап өтіледі. Бұл күннің басты мақсаты – халықтың инсульттің алдын алу, оның алғашқы белгілерін тану және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну туралы хабардарлығын арттыру.

Инсульт – ми қан айналымының жедел бұзылуы. Ол адам өміріне қауіп төндіріп, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Инсульттің алдын алу үшін:

  • Қан қысымын тұрақты бақылаңыз.
  • Дұрыс тамақтанып, тұзды тұтынуды шектеңіз.
  • Темекі шегуден бас тартыңыз.
  • Дене белсенділігін арттырыңыз.
  • Қандағы қант пен холестерин деңгейін бақылаңыз.
  • Профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өтіңіз.

Инсульттің негізгі белгілері:

  • Беттің бір жағының кенеттен қисайып кетуі.
  • Қолдың немесе аяқтың кенеттен әлсіреуі.
  • Сөйлеудің бұзылуы немесе сөзді түсінудің қиындауы.

Осы белгілердің бірі байқалса, дереу 103 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Есіңізде болсын: инсульт кезінде әр минут маңызды!

Денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.