№23 мектепте денсаулық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кездесу өтті

23 мектепте салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері адам папиллома вирусы (АПВ), қызылша ауруының алдын алу және жеке бас тазалығы мәдениеті тақырыптарында дәріс өткізді.

Іс-шара барысында оқушыларға АПВ-ның жұғу жолдары, оның алдын алу шаралары, қызылша ауруының белгілері мен сақтану жолдары туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде жеке гигиена ережелерін сақтау – жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы екені атап өтілді.

Мақсат – оқушылардың салауатты өмір салты туралы білімін арттыру және жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.