Туберкулездің алдын алу – маңызды міндет

Туберкулезге қарсы айлық аясында №94 «Сұңқар» және «Жұлдыз» балабақшасында қызметкерлерге арналған «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – туберкулез ауруының алдын алу, оның таралу жолдары мен алғашқы белгілері туралы түсіндіру, сондай-ақ жеке гигиена мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын арттыру болды.

Кездесу барысында медицина қызметкері туберкулездің жұғу жолдары, негізгі белгілері, дер кезінде тексерілудің қажеттілігі және аурудың алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.