Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында 3 «А» сынып оқушыларына арналған «Тіс күтімі» тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар дантист дәрігердің ауыз қуысы гигиенасы мен тіс күтімінің маңыздылығы туралы мазмұнды дәрісін тыңдады. Балаларға тісті дұрыс тазалау әдістері, тіс ауруларының алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Интерактивті бөлімде оқушылар «Тіс патшалығы» тақырыбында постер құрастырып, өз жұмыстарын қорғап, ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, оқушылар өздері дайындап келген суреттері бойынша әңгімелеп, белсенділік танытты.
Сабақ соңында қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.




