Колледж студенттері арасында туберкулездің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Туберкулез және оның алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді.
Дәріс барысында студенттерге туберкулездің жұғу жолдары, негізгі белгілері, ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы және оның алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.
Мамандар денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, профилактикалық тексерулерден уақтылы өту және ауру белгілері байқалған жағдайда медициналық көмекке дер кезінде жүгіну қажеттігін атап өтті.
Осындай профилактикалық іс-шаралар жастардың денсаулық туралы сауаттылығын арттыруға және туберкулездің алдын алу жөніндегі дұрыс түсінікті қалыптастыруға бағытталған.



