Көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері

МИКРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ БАРЫСЫ

Құрметті пациенттер!

Емханамыздың офтальмологиялық орталығында заманауи әдістер мен медициналық құрал-жабдықтарды қолдана отырып, көру мүшелерінің ауруларын диагностикалау және емдеу жүргізіледі.

Орталық дәрігерлері офтальмологиялық көмектің кең спектрін көрсетеді: диагностикалық зерттеулер жүргізеді, көз ауруларын консервативті, лазерлік және хирургиялық әдістермен емдейді.

Офтальмологиялық орталықта:

▪️ катарактаны хирургиялық емдеу;
▪️ глаукоманы лазерлік емдеу;
▪️ көздің торлы қабығының ауруларын емдеу;
▪️ көзге лазерлік операциялар жасау;
▪️ көру қабілетін түзету құралдарын таңдау;
▪️ көздің және көру жүйкесінің жағдайын кешенді диагностикалау жүргізіледі.

Офтальмологиялық орталық көрсететін қызметтердің толық тізімімен «Өзекті» бөлімінде таныса аласыздар.

Бейнероликте — офтальмологиялық орталықтың меңгерушісі Досманов Жанат Амантаевич жүргізіп жатқан микрохирургиялық операция барысы.

Көз ауруларын уақтылы диагностикалау және емдеу көру қабілетін сақтауға және асқыну қаупін азайтуға көмектеседі.

Көру қабілетіңізді сақтаңыз және мамандарға уақтылы жүгініңіз! ️