Емханамызда туберкулезге қарсы айлық аясында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тұрғындар арасында туберкулездің алдын алу, оның белгілері мен ерте анықтаудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру.
Шара барысында келушілерге туберкулездің жұғу жолдары, алдын алу шаралары және дер кезінде медициналық тексеруден өтудің маңызы туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, емхана мамандары тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара аясында фтизиатр дәрігері келушілерге жеке консультациялар өткізіп, қажетті медициналық ұсыныстар берді.




