20 наурыз – Бүкіләлемдік ауыз қуысының саулығы күніне орай Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру дәрістері өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ауыз қуысы гигиенасын сақтау мәдениетін қалыптастыру, стоматологиялық аурулардың алдын алу, сондай-ақ тіс күтімінің маңыздылығы туралы ақпараттандыру.
Дәріс барысында мамандар ауыз қуысының саулығын сақтаудың негізгі қағидалары, тістерді дұрыс күту ережелері және дұрыс тамақтанудың тіс саулығына әсері туралы айтып өтті. Сонымен қатар, оқушыларға тістерді дұрыс тазалау тәсілдері көрсетіліп, пайдалы кеңестер берілді.




