Емханамызда Байқоңыр ауданының төтенше жағдайлар қызметкерлерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді.
Іс-шара барысында мамандар төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмдері, сондай-ақ азаматтық қорғаныс талаптарын сақтау бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударылып, терезеден құлау жағдайларының алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді.
Қатысушыларға қауіпсіздік шараларын сақтау және төтенше жағдайларда жедел әрі дұрыс әрекет ету қажеттігі түсіндірілді.




