Ағза ауыстыру – бұл жай ғана медициналық ота емес, ол көптеген адамға қайта өмір сүруге мүмкіндік беретін үміт. Донорлық ағзаны күтіп жүрген әрбір науқас үшін әр күн – үлкен үміт пен күтудің күні.
Уақтылы жасалған трансплантация адамның өмірін сақтап қана қоймай, оның отбасына, жақындарына қуаныш сыйлайды. Бір донор бірнеше адамның өмірін құтқаруға мүмкіндік береді.
Ағза донорлығы – адамгершіліктің, жанашырлықтың және өмірге деген құрметтің жарқын көрінісі. Әрбір құтқарылған өмір – қоғам үшін баға жетпес құндылық.
Өмір сыйлау – өзіңнен кейін де ізгілік қалдыру.



