Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың әлеуметтік желідегі өтініштері мен сұрақтарын тұрақты қадағалап отырады. Адамдарды көбінесе қабылдау мен тексеруді ұзақ күту, бағыттама алудағы қиындықтар, тегін берілуі тиіс қызметтерге ақы төлеу, дәрігерлердің, дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтардың тапшылығы мазалайды.
Медициналық ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру, оларды мамандармен, дәрі-дәрмекпен және материалдық-техникалық қажеттіліктермен қамтамасыз ету медициналық ұйым басшылығының және өңірлік денсаулық сақтау басқармасының жауапкершілігінде.
Бұл ретте Қор ТМККК мен МӘМС шеңберінде медициналық көмекті сатып алады және төлем жасайды, келісімшарттағы міндеттемелердің орындалуын бақылайды және негіз болған жағдайда жеткізушілерге жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.
МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ынтымақты жауапкершілігі қағидаттары негізінде жұмыс істейтінін түсіну маңызды. Жарналар адамның жеке шотында жинақталмайды. Жүйенің жалпы қаражаты есебінен пациент қажет болған жағдайда құны өзі төлеген жарнаның жалпы сомасынан едәуір асатын ем ала алады.
Сондай-ақ МӘМС жүйесі көрсетілімдер бойынша және белгіленген маршрутқа сәйкес қажетті медициналық көмек алуға кепілдік береді. Кезектілік жағдайдың шұғылдығына байланысты: шұғыл көмек дереу, ал жоспарлы көмек белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
Қазақстандықтар әлеуметтік желіде және Қорға тікелей жолдаған өтініштерде жиі көтеретін кейстерді талдаймыз.




