Ауыз қуысының саулығы – маңызды әдет

№16 орта мектебінде «Ауыз қуысының саулығы, гигиенасы» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында ауыз қуысы гигиенасының маңыздылығын арттыру және дұрыс күтім жасау дағдыларын қалыптастыру.

Дәріс барысында оқушыларға ауыз қуысының саулығын сақтау жолдары туралы жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тісті дұрыс тазалау техникасы тәжірибелік түрде көрсетіліп, күнделікті күтім ережелері түсіндірілді.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды. Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.