№8 қалалық емхана жанындағы «Сенім» жастар денсаулық орталығында «Жоғары медициналық колледж» студенттеріне арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды орталық қызметімен таныстыру, жасөспірімдер мен жастар денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және медициналық-психологиялық қолдау бағыттары бойынша ақпараттандыру болды.
Кездесу барысында орталық мамандары студенттерге көрсетілетін қызмет түрлері, жастар денсаулығын нығайту, репродуктивті денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар орталық психологы студенттерге арналған «Өзін-өзі бағалау және өзіне деген сенімділік»тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында қатысушылар өз мүмкіндіктерін бағалау, ішкі сенімділікті дамыту, жеке тұлғалық өсу және эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру бағытында пайдалы тәжірибелік жаттығулар орындады.




