«Салауатты жұмыс орны» акциясы жалғасуда

Емханамызда қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру және жұмыс орнында денсаулықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған «Салауатты жұмыс орны» акциясы аясындағы іс-шаралар өз жалғасын табуда.

Аталған акция шеңберінде бөлімшелер арасында сергіту және дене белсенділігін арттыруға бағытталған жаттығулар тұрақты түрде өткізілуде. Осы ретте кезекті сергіту жаттығуы №5 Отбасылық денсаулық орталығының қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Жаттығу барысында қатысушылар күнделікті жұмыс барысында жиналған шаршауды азайтуға, бұлшықеттерді сергітуге және жалпы физикалық белсенділікті арттыруға арналған жеңіл жаттығулар орындады.