Архив автора: e8admin

Бүкіл әлемде 1 — ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады

Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.

Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.

Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.

Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі — балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.

БҰҰ-ның жүргізген сауалнамасына жүгінсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен.

Әлемде өмірі қатерге толы балалар да баршылық. Аш-жалаңаштық, соғыс өрті, терактілер балалар ғана емес, үлкендердің де психикасына кері әсерін тигізеді. Бұл- қорғансыз балалардың басына түскен үлкен ауыртпалық екендігі шындық.

Жасөспірімдер арасында нашақорлар саны өсуде, олардың жартысынан астамы ішімдік ішуден де кет әрі емес.

Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

«Бұл әлемді біз балаларға сыйлаймыз!

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Бұл әлемді біз балаларға сыйлаймыз! » ұранымен іс-шаралар өткізіледі».

Ашық есік күні: № 343 кабинетте педиатрдың қабылдауы, № 344 балалар психологы қабылдауы, сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін.

Мерекелік іс-шара № 8 қалалық емхана аумағында 1 маусым 2021ж. өткізу уақыты: сағат 11.00-де.

1. «Әкем, анам және мен тату отбасы» спартакиадасын өткізу, ойындар, жарыстар.

2. Асфальттағы суреттер » Әр суретте күн»,

3. Қызметкерлердің балалары арасында 25 мамыр мен 31 мамыр аралығында сурет байқауы жарияланды, 1 маусымда «Әлем балалар көзімен».

4.«Мен сәби күтудемін» фотобайқау.

Ораза айт мейрамы

Бүгін жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі — Ораза айт мейрамы. Бұл күні Алланың разылығы үшін бір ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын Оразаның шарттарын орындаған жандар ауыздарын ашады. Мұсылмандар Оразамен қимай қоштасып, Алла Тағалаға қасиетті Рамазан айына амандықта-саулықта жеткізгеніне шексіз алғыс айтып, келесі Рамазан айына да есендікте жетулерін тілеп, мінәжат етеді. Тарихи мәліметтерге сүйенсек, Ораза айт 624 жылдан бері аталып келеді.

Ораза айт мерекесінің бірінші күні 8 қалалық емхананың әлеуметтік қызметкерлері Құрметті ата-әжелерімізді осы жарқын мерекемен құттықтап, оларға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік жиынтығын тапсырды. Ең бастысы, қарт адамдарға мейірімділік пен көңіл бөлу керек, әлеуметтік қызметкерлер ата-әжелерімен әңгімелесуді қуана өткізді. №8 емханаға 102 жастағы Рамила Заманбекова әжеміз тіркелген, әжемізге мықты денсаулық тілейміз!

Халықаралық мейірбике күні

Жыл сайын 12 мамыр күні Халықаралық мейірбикелер күні аталып өтіледі. Басқа сөзбен айтқанда, құттықтаумен алғыс айтудың кезегі келіп тұр. Өйткені, бұл ең маңызды мамандар мерекесі. Мейірбике мамандығы бұл орта білімді медицина қызметкері, сонымен бірге дәрігердің нұсқауын орындап, науқасқа көмектесуші, әрі дәрігердің көмекшісі, науқаспен тікелей байланыста жұмыс жасап, ем жүргізуші жан. Денсаулық сақтау саласында қазіргі уақытта мейірбикелер ісі басым болып келеді. Кәсіптік мейірбикелер мерекесі күні ағылшын мейірбикесі Флоренс Найтингейлмен өте тығыз байланысты. Қырым соғыс кезінде (1853-1856ж) алғашқы болып мейірімді мейірбикелер ұйымын ұйымдастырды.

Коронавирустық инфекцияға қарсы егу

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!

Вакцинация пункттерінің кеңеюіне байланысты АМСК ұйымдарының жұмыс уақыты 8: 00-ден 22: 00-ге дейін қысқарды, сауда және ойын-сауық орталығы үшін жұмыс режимі өзгеріссіз – 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Бүгінгі таңда елордадағы вакцинация пункттері «Mega Silk Way», «Керуен», «Хан Шатыр» және «Абу-Даби Плаза» ойын-сауық орталықтарында ашылды. Жақын арада «Asia Park» сауда ойын-сауық орталығында вакцинация пунктерін ашу жоспарда.

2021 жылдың 24 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласының ШЖҚ «№ 8 қалалық емхана» МКК-де жалпықалалық сенбілік өтті.

Санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыруға арналған «Бірге таза Қазақстан» атты жалпы қалалық экологиялық айлыққа қосылғанымыз жайында жұмыс орындау мақсатында және емхана а умағында сенбілік өткізу туралы дайындалған іс-шаралар жоспарына сәйкес қызметкерлердің қатысуымен сенбілік өтті. Сенбілік барысында емханаға тиесілі аумаққа санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылды.

Емхана жұмысшылары ғимараттың жан-жағын тазартып, ретттестіріп, бұрыңғы егілген талдарды суғарды.

Вакцинация

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «8 қалалық емхана» МКК , Сембинов көшесі, 4/1,  

Тел : 39-99-99

кабинет    вакцинацилау :    № 123, 124а, 

вакцинациялауға рұқсат беру кабинеті №124

Жауапты тұлға : Аграв   Кагва ,тел: 87028270145

Стенькина И. В тел 8701269295

Құрметті тұрғындар!!!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№8қалалық емхана» МКК әкімшілігі, Сіздерден ЖРВИ (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, жөтел, қалтырау, бұлшықеттердің сырқырауы, иіс пен дәмнің жоғалуы, ентігу) белгілері пайда болған жағдайда үй жағдайында өзін-өзі емдемеуді сұрайды.

Жоғарыда аталған белгілер пайда болған кезде:

1) фильтр кабинетіне- ересектер ғимаратының № 144 кабинетіне жүгіну (артқы жағынан кіресіз): (08:00-нен 18:00-ге дейін)

2) учаскелік дәрігерге немесе мейірбикеге хабарлау қажет; (участок дәрігері мен мейірбике байланыс номерлерін көрсету) (08:00 нен 18:00ге дейін)

3) Егер Сіз емханаға жете алмаған жағдайда және учаскелік дәрігерге хабарласа алмаған жағдайда, 39-99-99 нөмірі бойынша (сағат 08:00 мен 18:00 аралығы) тіркеу бөлімі арқылы қоңырау шалып, мобильді бригаданы үйге шақыруды рәсімдей аласыз;

4) жағдайыныңыз күрт нашарлаған кезде (сағат 18:00 мен 08:00 аралығы) 103-ке қоңырау шалыңыз.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық

Көшеде  біреу шабуыл жасаса, әйел қалай әрекет етеді? Инстинктивті түрде ол үйден көмек іздейді. Ал егер әйел өз үйінде күйеуінің немесе серіктесінің қорлауына тап болса ше?  Бүгінгі таңда көмекке жүгінетін әйелдердің басым көпшілігі — тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары. Дегенмен тұрмыстық зорлық-зомбылық біздің елімізде қылмыстық құқық бұзушылық болып саналмайды. БҰҰ сарапшыларының пікірінше, құрбандар мен агрессорлардың көптеген ортақ белгілері бар, зерттеулер көрсеткендей, балалық шағында зорлық-зомбылыққа ұшыраған ер адамдар көбінесе аналарына қатысты зорлық-зомбылықтың куәсі болған.  Әрине, олар белгілі бір психикалық ауытқулары бар адамдар болуы мүмкін. Өз кезегінде, бала кезінен қорлық көрсету, оның отбасында норма болған, содан әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Сонымен қатар, олардың көпшілігі ерлердің міндетті үстемдігі туралы көзқарастарымен бөліседі, зорлық-зомбылыққа төзеді. Олардың кейбіреулері өз балаларын ұрып-соғады. ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемдегі әрбір үшінші әйел өмір бойы күйеуі немесе серіктесі тарапынан физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Жыл сайын планетада тұрмыстық қылмыстардан ондаған мың әйел қайтыс болады, олардың 400-і Қазақстанда.

#немолчи#мывместе#горполиклиника8городнурсұлтан

Бейнероликті Астана медицина университетінің АМУ клиникалық психология кафедрасының резиденттері дайындады. «Сенім» ЖДО психологы   Алматова Айнұр   Байзаққызы Нұр-Сұлтан қаласы ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК

Уақыт өтіп жатыр. Туберкулездің ауыртпалығын азайту жөніндегі 2022 жылғы мақсаттарға бірлесіп қол жеткіземіз

2021 жылғы 23 ақпан мен 23 наурыз аралығында өтетін туберкулездің алдын алу айлығы аясында: «Уақыт өтіп жатыр. Туберкулездің ауыртпалығын азайту жөніндегі 2022 жылғы мақсаттарға бірлесіп қол жеткіземіз». 2021 жылдың 10 наурызында №8 қалалық емхананың «Сенім» ЖДО № 5 мектеп — гимназиясында дәрігер А.С. Асубекова 9-11 сынып оқушылары арасында туберкулездің алдын алу бойынша дәріс өткізді, сондай-ақ оқушыларды туберкулез туралы ақпараттандыруға сауалнама жүргізді. Психолог А. Алматова оқушылармен «іскерлік қасиеттер» тақырыбында тренингтік жаттығуын өткізді.,

2021 жылдың ақпан айының 23-нен наурыз айының 23-і аралығында  туберкулездің алдын алу бойынша айлық өткізіледі

Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күніне орайластырылған, «Уақыт өтіп бара жатыр. Туберкулез ауыртпалығын азайту жөніндегі 2022 жылғы мақсаттарға бірлесіп қол жеткіземіз!» ұранымен 2021 жылдың ақпан айының 23-нен наурыз айының 23-і аралығында  туберкулездің алдын алу бойынша айлық өткізіледі.

Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні (World Tuberculosis Day) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шешімі бойынша жыл сайын 24 наурызда — 1882 жылы неміс микробиологы Роберт Кох (Robert Koch) өзі жасаған туберкулез қоздырғышының ашылғаны туралы жариялаған күні атап өтіледі. 1905 жылы ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.

Бұл күн 1982 жылы ДДҰ және туберкулез бен өкпе ауруларына қарсы халықаралық одақтың (International Union Against Tuberculosis and Lung Disease — IUATLD) шешімі бойынша құрылды.

Біз «Уақыт өтіп бара жатыр. Туберкулез ауыртпалығын азайту жөніндегі 2022 жылғы мақсаттарға бірлесіп қол жеткіземіз!» ұранымен туберкулезбен күреске арналған айлықтың басталғаны туралы жариялаймыз.

Мақсаты мен міндеті

«Өзіңді туберкулезден қорға!» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары, алғашқы белгілері, жұқтыру қаупі мен ауыр салдары туралы халықты ақпараттандыру, денсаулығына жауапты болуға тәрбиелеу,өзін-өзі сақтайтын тәлімділікке дағдыландыру, міндетті түрде профилактикалық тексерудің маңыздылығын түсіндіру болып табылады.

8 қалалық емхана «Мен Қазақстандағы туберкулезді жоюға қатысамын» флешмобына қатысады

#МенТуберкулездіЖоюғаҚатысамын

Туберкулездің алдын алу айлығы

Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күніне орайластырылған, «Уақыт өтіп бара жатыр. Туберкулез ауыртпалығын азайту жөніндегі 2022 жылғы мақсаттарға бірлесіп қол жеткіземіз!» ұранымен 2021 жылдың ақпан айының 23-нен наурыз айының 23-і аралығында туберкулездің алдын алу бойынша айлық өткізіледі.

Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні (World Tuberculosis Day) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шешімі бойынша жыл сайын 24 наурызда — 1882 жылы неміс микробиологы Роберт Кох (Robert Koch) өзі жасаған туберкулез қоздырғышының ашылғаны туралы жариялаған күні атап өтіледі. 1905 жылы ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.

Бұл күн 1982 жылы ДДҰ және туберкулез бен өкпе ауруларына қарсы халықаралық одақтың (International Union Against Tuberculosis and Lung Disease — IUATLD) шешімі бойынша құрылды.
Біз «Уақыт өтіп бара жатыр. Туберкулез ауыртпалығын азайту жөніндегі 2022 жылғы мақсаттарға бірлесіп қол жеткіземіз!» ұранымен туберкулезбен күреске арналған айлықтың басталғаны туралы жариялаймыз.

Мақсаты мен міндеті «Өзіңді туберкулезден қорға!» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары, алғашқы белгілері, жұқтыру қаупі мен ауыр салдары туралы халықты ақпараттандыру, денсаулығына жауапты болуға тәрбиелеу,өзін-өзі сақтайтын тәлімділікке дағдыландыру, міндетті түрде профилактикалық тексерудің маңыздылығын түсіндіру болып табылады.


Онкологиялық ауруларға қарсы күрес республикалық онкүндік өткізіледі

2021 жылғы 1-10 ақпан аралығында Халықаралық обырға қарсы күрес күніне орайластырылған онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі республикалық онкүндік өткізіледі.

Онкүндік аясында №8 қалалық емханада 2021 жылғы 3 ақпан — Ашық есік күні өтеді.

Онкологтың қабылдауы, консультациясы: сағат 9.00-ден-13.00-ге дейін № 214 кабинет

Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту

№8 қалалық емхананың оңалту бөлімшесі,

мекен-жайы: А.Иманов 44.

Емхананың барлық тіркелген тұрғындарын жалпы практика дәрігерінен жолдамалар бойынша қабылдайды. Бөлімше ересектерге де, балаларға да қызмет көрсетеді.

Оңалтудың мақсаты:ауру немесе жарақат салдарынан жоғалған денсаулықты ішінара немесе толық қалпына келтіру мақсатында оңалту іс-шараларын жүргізу. Науқастардың әлеуметтік ортаға біртіндеп бейімделуі. түпкілікті нәтижеге қол жеткізудің оң мотивациясына ықпал ету.

Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту жіті аурулар мен жағдайларда, жарақаттарда, хирургиялық араласуларда, мүгедектерде, функциялары мен құрылымдары бұзылғанда, созылмалы аурулары бар балаларды оңалту, сонымен қатар адам денсаулығының функционалдық резервтерін көбейтуге бағытталған есірткіге жатпайтын әдістерді кешенді қолдануды қамтиды, оның оңтайлы көрсеткіштерін қалпына келтіру, ал анықталған аурулар болған кезде — тез қалпына келтіру, аурудың қайталануын болдырмау және науқастардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру.

Кешенді оңалту кезінде физиотерапия әдістері, физиотерапиялық жаттығулар, массаж, психотерапиялық көмек қолданылады.

Оңалту бөлімінің бастығы:Бейсембаева Гульнара Муслимовна

Реабилитолог дәрігер: Долгаполова Валентина Сергеевна

психолог: Алиева Айман Яхияевна

15 желтоқсан 2020 жылы №8 қалалық емханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Директордың орынбасары Л. П. Броска құттықтау сөзінде Тәуелсіздік жылдарындағы республиканың жетістіктерін, біздің мемлекетіміздің саяси аренадағы берік жағдайын, әлеуметтік және денсаулық сақтаудағы тұрақтылықты атап өтті. Сонымен қатар 3 қызметкер «Денсаулык  сактау  ісінің үздігі» төсбелгісімен және 15 қызметкер мадақтама қағаздарымен  марапатталды.

Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігінің күні

Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігінің күні жыл сайын өткізіледі, яғни 2020жылдың (3 қазан сейсенбі) — 20 қазан күні. Осы күнге арналған іс-шаралар әлемнің 44-тен астам елінде өткізіледі. № 8 Қалалық емханада 12-31 қазан аралығында онкүндік аясында халықтың сүт безі қатерлі ісігі, қауіп факторлары, ерте диагноз қою және маммографиялық скрининг мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру бойынша шаралар жүргізілуде. Тұрғындар арасында учаскелер бойынша дәрістер, әңгімелесулер, сондай-ақ қызметкерлер үшін семинарлар өткізіледі, Ашық есік күні 2020ж. 24 қазанда өтеді. Өткізілетін іс-шаралардың мақсаты-қоғамның назарын кеуде обырының проблематикасына аудару, аурудың бастапқы сатысында диагностикасы мүмкін болу үшін осы мәселе бойынша білімді жақсарту және тиісті ем жүргізу. Сүт безі обыры-әйелдер арасында кең таралған онкологиялық аурулардың бірі. Жасы қырыққа таяған «әлсіз жыныстың» өкілдері әсіресе осы аурудың құрбанына айналу қаупі бар. Соңғы онжылдықтарда бүкіл әлемде сүт безі обырымен күресу науқаны қолға алынған.

ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК-да «Халық Алғысы» медалімен ресми марапаттау рәсімі өтті

Бүгін 2020 жылғы 5 қазанда ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК-да Қазақстандағы коронавирустық инфекция пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен медицина қызметкерлерін «Халық Алғысы» медалімен ресми марапаттау рәсімі өтті. Төсбелгілерді емхана директоры Айгүл Қасымова салтанатты түрде 14 медицина қызметкеріне табыс етті, олардың адалдығы, кәсібилігі, белсенді азаматтық ұстанымы үшін үлкен алғыс айтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Халық алғысы» мемлекеттік наградасы Мемлекет басшысының Жарлығымен пандемиямен күресте ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеу мақсатында арнайы тағайындалған болатын.

Бетперде инфекциядан сақтайды

Бетперде ауызды, мұрынды жауып тұрады және шаң-тозаңнан, инфекциядан сақтайды. Бұл коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады.

Күзгі-қысқы маусымға дайындалудамыз.

№8 қалалық емханада «COVID 19-ға дайындық мәселелері туралы» семинар өткізілді, сонымен қатар, 2020 жылдың 15 қыркүйегінен бастап күн сайын «COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын-алу» тақырыбында медицина қызметкерлерін аттестаттау басталды. Тестілеу 35 сұрақтан тұрады, оған COVID-19 алдын-алу және емдеу, эпидемияға қарсы шаралар, қол гигиенасы, медициналық қалдықтарды дұрыс залалсыздандыру сияқты түрлі тақырыптар кіреді.

№8 қалалық емханада республикалық «Отбасы-бақыт мекені» апталығы бойынша акциялар өтеді

Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеу аясында, №8 қалалық емханада республикалық «Отбасы-бақыт мекені» апталығы бойынша акциялар, кездесулер, қайырымдылық іс-шаралары 2020 жылдың 14-21 қыркүйегі аралығында өтеді.

№8 қалалық емхананың әлеуметтік қызметкерлері, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды құттықтап, азық-түлік пакеттерін сыйлады. Барлығыңызға мықты денсаулық және әр отбасына амандық тілейміз!

Сонымен қатар, емхананың әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері келесі негізгі идеологияларды тарату бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді: отбасы — бұл өмір сүруге тұрарлық нәрсе; берік отбасы — бұл табысты адамның сенімді тірегі; әр отбасы мемлекеттің қорғауында болады; ата-анаға қамқорлық — әркімнің қасиетті борышы; отбасын сақтау және нығайту үшін жасалған күш ешқашан зая кетпейді; сыйластық — берік отбасының негізі; балаларыңыз үшін жауапкершілік — өзіңізге деген жауапкершілік; отбасылық дәстүрлерді сақтау және жастарға жеткізу — аға ұрпақтың қасиетті борышы.

Тұрақты физикалық белсенділіктің артықшылықтары

Үнемі дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға және сақтауға ғана емес, сонымен қатар маңызды әлеуметтік маңызы бар аурулардың пайда болу қаупін азайтады.

Ғылыми зерттеулер күндізгі белсенділіктің орташа 30 минуттық уақыты жеткілікті екенін айтады.

(Русский) Первого июня в Казахстане ежегодно отмечается Международный день защиты детей.

Первого июня в Казахстане ежегодно отмечается Международный день защиты детей. Сегодня 1 июня 2020г. в Городской поликлинике №8 провели День открытых дверей для маленьких пациентов . прием вели : педиатр ,психолог, социальный работник . Также маленькие пациенты читали стихи ,для них были приготовлены призы и подарки.