Нұр-Сұлтан қаласының № 8 қалалық емханасында 2021 жылғы 2 қазан күні сағат 8.00–ден 14.00-ге дейін Халықаралық қарттар күніне және мүгедектер күніне орай «Ашық есік» күні өткізіледі.
Акция осы санаттағы пациенттерді кешенді медициналық диагностикалық тексеруге бағытталған.
Акция аясында терапевт, окулист, эндокринолог, гинеколог, кардиолог, невропатолог, сондай-ақ қан талдауы, ЭКГ, УДЗ, флюорография бойынша зертханалық зерттеулер жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда көрсеткіштер бойынша пациенттер одан әрі терең тексеру үшін қымбат тұратын диагностикалық зерттеулерге (КТ , МРТ) жіберілетін болады.
Мүгедектер мен қарттарды шақырамыз!