Халықаралық қарттар күніне және мүгедектер күніне орай «Ашық есік» күні өткізіледі

Нұр-Сұлтан қаласының № 8 қалалық емханасында 2021 жылғы 2 қазан күні сағат 8.00–ден 14.00-ге дейін Халықаралық қарттар күніне және мүгедектер күніне орай «Ашық есік» күні өткізіледі.

Акция осы санаттағы пациенттерді кешенді медициналық диагностикалық тексеруге бағытталған.

Акция аясында терапевт, окулист, эндокринолог, гинеколог, кардиолог, невропатолог, сондай-ақ қан талдауы, ЭКГ, УДЗ, флюорография бойынша зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда көрсеткіштер бойынша пациенттер одан әрі терең тексеру үшін қымбат тұратын диагностикалық зерттеулерге (КТ , МРТ) жіберілетін болады.

Мүгедектер мен қарттарды шақырамыз!