Тұмауға қарсы егу

Астана қаласында 1 қазаннан бастап Астана қаласының тұрғындарын тұмауға қарсы егу бойынша науқан басталады.

Жалпы, 2017-2018 эпидемия кезеңінде бюджеттік қаражатқа 14760 доза сатып алынды және Ресей Федерациясы өндіретін «Гриппол» 58826 вакцинасын сатып алу жоспарланып отыр. Вакцина A (H3N2) және А (H1N1) маусымдық тұмауы және В-тұмауының вирусына қарсы штаммдары бар антигендерді құрайды.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың ең осал топтары вакцинацияланады (әлсіз және жиі ауыратын балалар, жабық мекемелерден шыққан балалар мен жасөспірімдер, ардагерлер мен мүгедектерге арналған интернаттардың контингенті, медициналық қызметкерлер және жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі жүкті әйелдер).

Сонымен қатар, вакцинация жұмыс берушілер мен халықтың жеке қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

Елордалық тұрғындар тұмауға қарсы вакцинацияларды тиісті рұқсаты бар жеке медициналық орталықтардан ала алады.