Сергіту жаттығулары – салауатты жұмыс орнының негізі

Емханамыздың әкімшілік және шаруашылық бөлімінің қызметкерлері арасында «Салауатты жұмыс орны» бағдарламасы аясында сергіту жаттығулары өткізілді. Сергіту жаттығулары жұмыс күні барысында бұлшықеттердің кернеуін азайтуға, қан айналымын жақсартуға, шаршаудың алдын алуға және жұмысқа қабілеттілікті арттыруға ықпал етеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру – әрбір қызметкердің денсаулығын сақтаудың және ұжымдағы қолайлы еңбек ортасын қалыптастырудың маңызды бөлігі.