Алкоголь мен темекінің адам денсаулығына зияны және олардың алдын алу

Емханамыздың салауатты өмір салты дәрігері студенттер арасында «Алкоголь мен темекінің адам денсаулығына зияны және олардың алдын алу шаралары» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында алкоголь мен темекінің адам ағзасына тигізетін кері әсері, олардың денсаулыққа зияны және түрлі аурулардың даму қаупін арттыратыны туралы айтылды. Сонымен қатар зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.