әбилер жарақатының алдын алу

Мойын және арқа жарақаты. Жұлын қуық пен ішектің дұрыс жұмыс істеуіне жауап беретін және аяқ-қол қозғалысын басқаратын жүйке жүйесінің бір бөлігі. Мойын және арқа жарақаты орын алған жағдайда, одан бетер жарақаттамау үшін, жарақат алған баланы орнынан қозғамау қажет.

Бас жарақаты-кез-келген жастағы жарақаттар түрінің кең тараған түрі. Егер бала құлағаннан соң, есінен танса, оны тез арада дәрігерге көрсеткен жөн.

Бала басын қатты соғып алғанда, оның жүрегі айнуы мүмкін, баланың тәбеті қашады, онда эмоциялық қозу мен апатиямен алмасып отыратын бас ауруы мен бас айналу белгілері байқалады, бұған қоса бала әдеттегіден ұйқышыл болады.

Балада қауіптенетін белгілер бірден пайда болмаса да, оны кейінгі 24-48 сағат ішінде дәрігер мұқият қарап шығуы тиіс. Егер баланың бас жарақаты ауыр болса, қандай да бір жарақатты (мысалы, сыну немесе гематома екенін) анықтау үшін дәрігер арнайы рентгенографиялық тексеруге жібереді.

Және соңынан, бас жарақатынан кейін баланың мектептегі сабақ үлгерімін бақылауға алыңыз. Баланың ми шайқалуы, яғни санасы мен есін жоғалтуға себеп болатын бас жарақаты өз ойын жинақтауда қиыншылықтар туғызуы мүмкін.

Күйіп қалу ыстық судан, ыстық майдан да болады.

Күйік 3 категорияға бөлінеді:

  • Бірінші дәрежелі күйік-күйікте терінің үстіңгі қабаты жарақаттанады және әдетте жарақаттанған жер қызарады.
  • Екінші дәрежелі күйік- терінің терең қабаты зақымданады және күлдірейді.
  • Үшінші дәрежелі күйік- ең терең орналасқан қабаты жүйкемен және тамырлармен қоса зақымданады. Үшінші дәрежелі күйік ең ауыр жарақат болып табылады және тері ауыстыру операциясын қажет етеді.

Күйіп қалған жерге ешқашан вазелин, май, сары май, крем жақпаңыз!

Егер күйген жер күлдіресе оны тесуге болмайды. Егер өзі жарылып жатса, онда ең дұрысы теріні 5 минут қайнатылған маникюр қайшысымен қырқып немесе үшкір қысқышпен алу керек. Одан соң зарарсыздандырылған таңғыш таңу қажет.

Күнге күю. Адам күннің көзінде ұзақ жүру салдарынан қатты күйікке шалдығуы  мүмкін. Егер терісі ашық түсті адам күнге үйренбеген болса, оның күнге күюі үшін жағажайда жарты сағат жатуы жетіп жатыр.

Күнге күйгенде пайда болатын ауру сезімін жеңілдету үшін не істеу қажет?

Жарақаттанған жерді салқын сумен шайып, құрамында аспирині жоқ ауырсынуды басатын дәрі беру қажет. Терінің күйген жерлерін қызарғаны қайтқанша, күннен қорғау қажет.