Бала дамуының күнтізбесі

Сәбиіңізге неғұрлым көбірек қамқорлық жасап, көңіл бөлсеңіз, ол психофизиологиялық жағынан соғұрлым жақсы дамиды. Сіз-бала үшін нәр алатын бұлақ көзі боласыз. Сіздің ақжарқын болуыңыз керек. Ерінбей, сәбимен көбірек айналысыңыз. Онымен сөйлесіңіз, бесік жырымен шектелмей, өлең айтып беріңіз, ойыншықтарды көрсетіп, түстерді атаңыз, түрлі-түсті сурет салыңыз. Бала елгезек болады, бәрін тез қағып алады.Ол үшін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың негізгі түрі ойын болып табылады. Бүлдіршінмен ойнаған кезде, кезекпен қайталаудың маңызы зор. Мысалы:бала дыбыс шығарады, біраздан соң анасы оны қайталады, ал сәби анасының айтқанын қайталайды. Осылайша бала дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылатын еліктеудің белсенді үрдісі жүзеге асады.

Бірінші айда:

  • Сәбидің бірнеше негізгі рефлекстері бар: «табан»-табанына саусақ тигізсең, сәби аяғын тартып алады; «сору»- егер саусағыңызды сәбидің ерніне тигізсеңіз, ол өзінше сорғысы келіп әрекет жасайды; «жармасу»- егер сіз қолыңызды сәбиге созсаңыз, ол қатты қысып ұстап алады
  • Етпетінен жатып, басын көтеріп ұстауға тырысады.
  • Қоңыраудың, сылдырмақ ойыншықтың дыбысына құлақ түреді.
  • Қатты дыбысқа селк етеді(бұл-Моро рефлекс).
  • Жұдырығы қатты түюлі болады.
  • Егер сәбидің саусағын жазсаңыз, ол ойыншықты ұстай алады, бірақ бірден тастай салады.
  • Отырған қалпында басын бір бағытта ұстайды.

Екінші айда

  • Ішімен жатып, басын көтере, аз уақыт ұстап және әр жаққа бұра алады.
  • Сәби қосымша машықтар үйренеді.
  • Нәресте жоғарыда тұрған ойыншықтарды қарай бастайды.
  • Егер оны еркелете сөйлессең, ол қуаныш күлкімен жауап береді.
  • Қол-аяқтарымен күшті қозғалыстар жасайды.
  • Уілдейді.
  • ішімен жатып, басын  45°-қа көтереді.
  • Егер қолыңа алсаң немесе сені көрсе бірден жұбанады.
  • Жұдырығы түюлі болады, кездейсоқ саусақтары жазылса, саусақтарын аузына апарады.

3 айға дейінгі нәресте:

  • Етпетінен жатқызғанда басын көтереді
  • Сіздің бетіңізге қарап, күледі
  • Күледі, былдырлайды
  • Қатты дыбыстарға басын бұрып қарайды
  • Қолын қозғалтып, оған зер салады
  • Сіздің жауысыңызды таниды
  • Өзінің қажеттіліктерін жылау арқылы білдіреді.

Төртінші айда

  • Арқасымен жатып, басын көтереді.
  • Ішімен жатып, шынтағы мен білегіне сүйеніп көтеріледі.
  • Бұлшықеттер қозғалысы анық жетілген.
  • Сәби денесінің жағдайын өзгертеді.
  • Арқасынан, қырынан бұрылуға талпынады.
  • Анасын бірден таниды.
  • Сіздің күлімсірегенңізге жымиып жауап береді.
  • Алғашқы буындарды айта бастайды.
  • ішімен жатып, басын 90 градусқа бұра алады.
  • Қатты күледі.
  • Қыдығы келгенде күледі.
  • Музыка дыбысын естісе, тыныштала қалады.

Бес айда

  • Отырған кезде басын тік ұстай алады
  • Тоңқаңдайды, иіледі
  • Қолда тартылады
  • Аяғының саусақтарын сорады
  • Ұстайды, түртеді, өзіне қарай тартады, заттарды лақтырады
  • Қолына салған ойыншықпен ойнайды
  • Бутылкасын бір қолымен немесе екі қолымен ұстай алады
  • Суреттердегі бейнелерді қызығушылықпен қарайды.
  • «ку-ку» ойнайды
  • Қолынан ойыншығын алғысы келген үлкендерге қарсылық танытады
  • Таныс және бөгде адамдарды айыра алады
  • Ас ішкен кезде ойнағанды ұнатады
  • Дауысты дыбыстарды, кейбір дауыссыз дыбыстарды айтады (д, б, л, м).
  • Бөтен ортаны бірден біледі
  • Түсіп қалған затты көру үшін еңкейеді

6 айлық сәби:

  • Етпетінен жатып, басы мен кеудесін көтере алады.
  • Ілініп тұрған заттарға қолын созады
  • Заттарды ұстап сілкілейді
  • Етпетінен, шалқасынан аунай алады
  • Сүйеніп отыра алады
  • Қол және ауыз арқылы заттарды анықтап зерттейді
  • Дыбыстар мен бет-әлпет құбылыстарына еліктейді
  • Тамақты қасықтан, сұйықты кеседен іше алады
  • Жеті айлықта еңбектеуге талпынады
  • Өзінің атына және таныс адамдардың жүзіне жауап реакциясын жасайды.

Жеті айда

  • Сәби өте қзғалымпаз болады.
  • Өз бетінше отыруды жүзеге асыруға талпынады.
  • Сіздің балаңыз тік отыра алады.
  • Төрт тағандап, алға, артқа тербеледі.
  • Осы айлықта еңбектей бастайды, кейбіреуі артқа қарай еңбектейді.
  • Қолына алған киімді ұзақ уақыт қолымен, аяғымен, аузымен танысады.
  • Қолына заттарды алып, біріне-бірін ұрғылайды.
  • қолымен, аузымен өз денесін зерттейді. .
  • Айнадағы өз бейнесін сипалайды.
  • Сіздің даусыңыздың тонынан «жоқ» дегенді түсіне бастайды.
  • сәби  «да», «па», «ма», «та», «ба» буындарынайтып, жаттыға бастайды. .

Сегізінші айда

  • Барлық нәрсеге деген қызығушылығы артады
  • Сәби еңбектейді
  • Отырып ойнағанды ұнатады, кейде бір қырына қарай құлайды.
  • Нәрсемен ұзақ отырып ойнауы мүмкін
  • Ата-анасына жақын, басқалардан қашқақтайды
  • Егер бөтен біреу қолына алса, көңілі бұзылып жылай бастайды.
  • «мама» және «папа» деп айта бастайды
  • Қолына ойыншығын алып еңбектейді
  • Таянышқа сүйеніп тұрады
  • Қолын бұлғап, алақанмен шапалақтайды
  • Айнадағы өзіне қарап, өз бейнесін  сипап, сүйеді
  • Дәміне қарай бәрін татып көреді

Тоғызыншы айда

  • Бірдеңеге сүйеніп жақсы тұрады
  • Адымдай бастайды.
  • Тегіс жермен еркін еңбектейді.
  • Отырып-тұра алады.
  • Қолдарын еркін қозғайды.
  • Отырып ойнауды жақсы көреді.

Оныншы айда

  • Ойнаған кезде тізерлеп тұруға, бір қолымен ұстап еңкеюге қабылетті болады.
  • Ол қарапайым сөйлескенді түсінеді.
  • Ересектердің тиісуін ықыласпен қабылдайды.
  • Қолын шапалақтайды, заттарды тарсылдатады.
  • Екі нәрсемен бір уақытта ойнайды.
  • Кішкентай заттарды бір қолмен, үлкен заттарды екі қолымен алады.
  • Қағаздарды жыртады.
  • Көзіне көрінген нәрсенің бәрін қарайды.
  • Өзінен жасырған ойыншықтарды іздей бастайды.
  • Оны мақтасаң, қимылдарды қайталайды.

Он бірінші айда

  • Өз бетімен ұзақ уақыт тұрады
  • Бірдеңеге сүйеніп, жүруге талпынады.
  • Диваннан ішімен, көлбеу жазықтықпен немесе сатылармен жорғалап түсуге талпынады.
  • Саусақтарының қимылдарының үйлесімділігі анықталады.
  • Пирамидкалардан шеңберлерді алады және қайтадан кіргізеді.
  • Жақын адамдардың аттарын біледі.
  • Бір-екі буынды «ма-ман» «па-пан» сөздерді айтады.
  • Біреудің көмегінсіз кеседен шәй іше алады.
  • Доппен ойнайды.

Он екінші айда

  • Өз бетімен жүре бастайды.
  • Сатыларға, аласа орындықтарға шыға алады.
  • Ауыр емес заттарды көтереді
  • Ірі заттарды орнынан қозғайды, аударады, қиратады.
  • Телефонмен, балғаны қалай қолдануды біледі.
  • Кубиктарды құрастырады.
  • Ата-анасының, басқалардың өзіне деген назарын бірден сезінеді.
  • Еркелейді.
  • Суреттегі жануарларды таниды.
  • Не айтсаң бәрін түсінеді.
  • Қасықпен, кружканы қолдана алады.

Дені сау 12 айлық сәби осы айтылғандардың біразын жасай алады. Егер сіздің сәбиіңіз олардың біреуін істей алмаса, қауіптенбеңіз әр баланың дамуы өзгеше. Медицина қызметкерінен кеңес алыңыз.