№8 қалалық емхана жанындағы «Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары Т. Айбергенов атындағы №16 орта мектебінде оқушыларға арналған ақпараттық-түсіндіру дәрістерін өткізді.
Іс-шара барысында орталықтың психолог мамандары «Аутодеструктивті мінез-құлық», «Өз көңіл күйіңді басқару және психологиялық тұрақтылықты сақтау» тақырыптарында дәріс оқып, жасөспірімдерге эмоционалдық саулықтың маңыздылығы туралы түсіндірді.
Сонымен қатар, заңгер маман «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында ақпарат беріп, оқушыларға құқықтық сауаттылық пен қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын түсіндірді.
Дерматолог дәрігер «Тері аурулары және оның алдын алу» тақырыбында дәріс өткізіп, тері күтімі мен жеке денсаулықты сақтау жолдарына тоқталды.
Ал акушер-гинеколог маман «Репродуктивті денсаулық. Жеке гигиенаның маңызы» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қыз балаларға денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызын атап өтті.




