Туберкулездің алдын алу және темекіге тәуелділікпен күрес

25 қараша күні №8 мектеп-лицейінде оқушыларға арналған «Туберкулездің алдын алу және шылым шегудің ағзаға зияны» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға туберкулез ауруы, оның жұғу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы, жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, бөлмені жиі желдету және профилактикалық тексерулерден уақытылы өту қажеттілігі түсіндірілді.

Дәріс барысында шылым шегудің, оның ішінде электрондық темекіні пайдаланудың адам ағзасына тигізетін кері әсері де кеңінен талқыланды. Оқушыларға темекі түтінінің тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйелеріне зияны, никотинге тәуелділіктің қалыптасу қаупі және оның жасөспірімдер денсаулығына тигізетін кері әсері түсіндірілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың туберкулез және оның алдын алу жолдары туралы білімін арттыру, темекі өнімдерін тұтынудың зияны туралы түсінік қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.

Денсаулық – баға жетпес байлық! Зиянды әдеттерден аулақ болып, өз денсаулығыңызды жас кезіңізден қорғаңыз!