ТУБЕРКУЛЕЗ, ТОҚТА!

№8 Қалалық емханасында аталмыш ұранмен туберкулез ауруын диагностикалау, оның алдын алу жөніндегі лекциялар легі жалғасуда.

Туберкулез – ежелден келе жатқан жұқпалы аурулардың бірі. Кезекті лекцияда емхананың фтизиатр маманы Азамат Асылбекұлы туберкулезге қарсы жаһандық серіктестік жайлы сөз қозғады.

2000 жылы жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында туберкулезге қарсы жаһандық серіктестік құруды мақұлдады — STOP TB серіктестігін туберкулез жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелген бар 20 елдің делегациялары қолдап, қол қойған еді. Бұл серіктестік БҰҰ құрамына кіреді.

«Қазақстанда ТБ тоқтатамыз» серіктестігі 2017 жылы ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаның және халықаралық әріптестердің бастамасымен құрылды. Оның мақсаты: мүдделі ұйымдар мен жеке тұлғалардың күш-жігерін біріктіру арқылы Қазақстанда туберкулез ауыртпашылығын азайту.

Әрине, туберкулез ауруының алдын алып, оны тоқтату мақсатында №8 қалалық емхана мамандары да атсалысуда және біз аталмыш серіктестіктің миссиясын орындауға өз үлесімізді қосамыз!

Дәл осы сәтте туберкулездің алдын алу шаралары туралы пациенттеріміздің есіне саламыз:

  • Салауатты өмір салтын сақтау. Дене шынықтырудың ең алғашқы тәртібі – уақытылы ұйықтап, ағзаны спрортқа тәрбиелеу;
  • Толыққанды, витаминдерге бай тамақтану салтын ұстану. Таза ауада серуендеп, тазалық ережелерін сақтау;
  • Жөтел этикетін сақтау;
  • Туберкулезді дер кезінде анықтау, бұл дегеніміз – өзіңізді нашар сезінсеңіз, өз-өзін емдеумен айналыспай, кәсіби маман көмегіне жүгіну.