Өзіңді туберкулезден қорға!

Жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнін атап өтеміз, осы күнге орай бізде №8 қалалық емханада бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – пациенттерімізге арналған Ашық күнінде фтизиатр Азамат Асылбекұлы мен СӨС дәрігер Лаура Амирбекқызымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Туберкулез — ежелден белгілі, созылмалы толқын тәрізді ағымда өтетін, өкпені және әртүрлі ағзалар мен тіндерді  зақымдайтын,  жұқпалы бактериалды ауру. Көбінесе туберкулез өкпеге әсер етеді. Бірақ туберкулездің өкпеден тыс түрлері бар, онда шаш пен тырнақтан басқа кез-келген органға (сүйектер, буындар, лимфа түйіндері, тері, бүйрек, көз, іш мүшелері) әсер етуі мүмкін», — дейді фтизиатр Азамат Асылбекұлы.

Ашық есік күнінде аурудың алғашқы белгілері, оның алдын алу, сақтану жолдары туралы айтылды.

Дәрігердің айтуынша, инфекция көзі — жөтелу және түшкіру кезінде микробактерияларды шығаратын науқас адам.

Фтизиатр аурудың таралуының екі жолын атап өтті:

— ауа тамшылары арқылы: сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде;

СӨС дәрігер Лаура Әмірбекқызы туберкулез ауруына ықпал ететін факторлар туралы айтты. Оларға мыналар жатады:

— тұрмыстық жағдайдың нашарлауы;

— дұрыс тамақтанбау;

— алкоголизм;

— темекі шегу;

— нашақорлық;

— АИТВ-инфекциясы;

— асқазан жарасы, қант диабеті сынды қатар аурулардың болуы.