№34 жалпы білім беретін мектепте емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігерінің қатысуымен оқушыларға арналған профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Кездесу барысында туберкулез ауруының алдын алу, оның жұғу жолдары, негізгі белгілері және ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, жеке гигиена ережелерін сақтау, дұрыс тамақтану, бөлмені жиі желдету және профилактикалық тексерулерден уақытылы өту қажеттілігі түсіндірілді.
Сондай-ақ оқушыларға шылым шегудің, оның ішінде электрондық темекінің, сондай-ақ есірткі заттарын қолданудың адам ағзасына тигізетін зияны туралы айтылды. Зиянды әдеттердің тыныс алу, жүрек-қантамыр және жүйке жүйелеріне кері әсері, тәуелділіктің қалыптасу қаупі және оның денсаулық пен болашақ өмірге тигізетін салдары түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.
Денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылық. Өз денсаулығыңды қорғау бүгіннен басталады!




