«Салауатты жұмыс орны» акциясы аясында сергіту жаттығулары өткізілді

Емханамызда «Салауатты жұмыс орны» акциясы аясында қызметкерлердің дене белсенділігін арттыру және жұмыс күні барысында сергектікті сақтау мақсатында сергіту жаттығулары өткізілді.

Жаттығулар қызметкерлердің қан айналымын жақсартуға, бұлшықет кернеуін азайтуға, шаршаудың алдын алуға және жалпы жұмысқа қабілеттілікті арттыруға оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, мұндай белсенділік көңіл-күйді көтеріп, ұжымдағы жағымды психоэмоционалдық ахуалды қалыптастыруға ықпал етеді.

Алдағы уақытта сергіту жаттығулары тұрақты түрде жалғасын табады.