Салауатты өмір салты – қант диабетінің алдын алу негізі

2026 жылғы 10 қарашада №8 мектеп-лицейінде жасөспірімдер арасында қант диабетінің алдын алу тақырыбында ақпараттық дәріс өткізілді.

Дәріс барысында оқушыларға қант диабетінің даму себептері, қауіп факторлары, алғашқы белгілері және аурудың алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі, күн тәртібін сақтау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің денсаулық сақтау мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру және қант диабетінің алдын алуға бағытталған пайдалы әдеттерді қалыптастыру.