Вакцинацияның барынша тиімді болуы үшін, және оның ағзаға пайдалы әрі уақытылы болуы үшін Вакцинацияның ұлттық күнтізбесі жасалды. Қазақстан Республикасының вакцинация күнтізбесімен egu.kz
сайтында толығырақ таныса аласыз.
Күнтізбе ― ұлттық денсаулық сақтау жүйесі ұсынған екпелер бар барлық инфекцияларға қарсы вакцинацияны өткізудің ерекше әмбебап кестесі. Вакцинация күнтізбелері түрлі мемлекеттерде әртүрлі болуы мүмкіндігін атап өту керек, әдетте бұл белгілі бір мемлекетте қолжетімді екпелердің санына байланысты.
Кейде вакцинацияны өткізу мерзімі жылжуы мүмкін, бірақ ол үшін дәлелді себептер мен орынды қарсы көрсетілімдер болуы қажет. Барлық басқа жағдайларда, екпенің салынуы үшін көрсетілген жас ең дұрыс болып табылады.
Күнтізбеге қарайтын болсаңыз, вакциналардың ең көп бөлігін бала алты жасқа дейін алу керектігін көресіз, әсіресе өмірінің алғашқы 2 жасында. Себебі бұл жаста балаға қауіпті (вакцинамен емделетін) инфекция жұғып, аяғы қайғылы болуы мүмкін.
Сондықтан дәлелді
қарсы көрсетілім жоқ болса, жоспарлы вакцинацияны кейінге қалдырмау қажет. Екпе күнтізбесінің кестесі адамның бүкіл өмірі барысында барынша тиімді қорғанысты қамтамасыз беруге мүмкіндік береді.
#ВакциналарЖұмысІстейді #ВакциныРаботают