Өрт қауіпсіздігі қағидалары

2026 жылғы 23 сәуір күні емханамызда қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерін жетілдіру мақсатында өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу барысында қатысушыларға өрттің алдын алу шаралары, қауіп туындаған жағдайда жедел әрекет ету алгоритмі және адамдарды ғимараттан қауіпсіз көшіру тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, қызметкерлер шартты жағдай аясында эвакуациялау үдерісін тәжірибелік түрде орындап, өз дағдыларын бекітті.

Аталған іс-шара қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейін арттыруға, төтенше жағдайларға дайындықты күшейтуге және ұжым ішінде дұрыс әрі үйлесімді әрекет ету мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.